Қоғам

Air Astana: Қазақстанда авиа отын бағасы өсіп жатыр

© Photo : Пресс-служба "Эйр Астана"Эйр Астана ұшағы
Эйр Астана ұшағы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Халықаралық әуе тасымалдаушылары әуежай тарифтерінің өсуі салдарынан Қазақстан нарығынан кетіп жатыр

АСТАНА, 18 қаңтар — Sputnik. Елімізде авиа отын бағасы төмендеудің орнына көтеріліп жатыр, деп мәлімдеді Air Astana әуе компаниясының қаржы жөніндегі атқарушы директоры Ибрахим Жанлыел. 

Алматы әуежайы - Sputnik Қазақстан
Экономика
Шетелдік әуе компаниялары дабыл қақты: Қазақстанда баға күрт өсіп кеткен
"Отын көлемі – бұл өте үлкен мәселе, Қазақстанға ұшуға отын жетпеген кездер де болды. Сол кездері бізге көп сын айтылған еді. Энергетика министрлігіне, инвестициялар және даму министрлігіне бізге көмектескені үшін алғыс айтамыз. Авиа отын бағасы төмендеген жоқ, керісінше көтеріліп жатыр. Мұнай қымбаттап жатыр, қаңтарда баға ұлғайғанын айта аламын. Әрине, отын арзандаса, біз бұған тек қуанамыз, алайда әзірге мұнай тренд байқап отырғанымыз жоқ", — деді Жанлыел Астанада өткен баспасөз мәслихатында. 

Орталық Азия бойынша ИАТА өңірлік менеджері Джордан Карамалаков ұйым ҚазМұнайГаз және Air Astana авиакомпаниясымен жұмыс істеп жатқанын атап өтті. 

"Бұл оңай шешіле салатын мәселе емес, жан-жақты пысықталуы керек, инвестиция қажет. Отын өндірісі саласында бұл мәселе шешіледі", — деді ол. 

Айта кетсек, өткен жылдың жазында Қазақстанда әуежай қызметтерінің тарифін реттеу алынып тасталған болатын. Салдарынан баға күрт өсіп, шетелдік әуе тасымалдаушылары Қазақстанға ұшуын тоқтатып, кейбірі рейс санын қысқартуда.


Жаңалықтар
0