Байкошкарова: квоты на лечение бесплодия необходимо увеличить в 10 раз
Дәрігердің айтуынша, қазір Қазақстанда жыл сайын 900 квота бөлінеді. Бірақ жартысы ғана бедеуліктен айығып, бала көтеруге септігін тигізеді.
"Қазақстанда бедеуліктен емдеу баяғыдан жүргізіліп келеді, бірақ медицина ғылымының бұл саласы қарыштап дамып келе жатқандықтан, жаңа ұстанымдар мен әдістер пайда болып жатыр. Бедеуліктен емдеуге ұзақ уақыт кететіндіктен, отандық мамандар бұл салада біліктіліктерін арттыру керек", — дейді Байқошқарова.