Қоғам

Сейітқазы Матаев "Ерлігі үшін" орденімен марапатталды

© Sputnik / Серикжан КовланбаевСейітқазы Матаев
Сейітқазы Матаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Yandex newsTelegram
Сахаров атындағы "Ерлігі үшін" орденімен 22 тілші, публицист және блогер марапатталған

АСТАНА, 17 қаңтар — Sputnik. А.Д. Сахаров атындағы "За журналистику как поступок" сыйлығының әділқазылары Сейітқазы Матаевты "Ерлігі үшін" орденімен марапаттады, деп хабарлайды Қазақстанның журналистер одағы сайты Kasparov.ru ресейлік интернет-газетіне сілтеме жасап.

Сейітқазы Матаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Сейітқазы Матаев бостандыққа шықты

"За журналистику как поступок" конкурсының әділқазылары Ресей, Украина, Белоруссия, Қазақстан, Өзбекстан және Әзербайжанда азаматтық көзақарсын білдіргені үшін билік тарапынан қуғындауға ұшыраған 22 тілші, публицист және блогерді  А.Д. Сахаров атындағы "Ерлігі үшін" орденімен марапаттады", — делінген БАҚ хабарламасында.

Конкурс ұйымдастырушылары атап өткендей, "қылмыстық қуғындауға ұшырап, әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған және жазасын өтеп шыққан, қоқан-лоққы, зорлық-зомбылыққа қарамастан өз ұстанымына берік авторлар марапатталады. Бұл адамдар мемлекетке қарсы шығудан қорықпаған жандар". 

Марапаттау салтанаты қаңтар айының екінші жартысында болмақ.

Естеріңізге сала кетсек, "ҚазТАГ" ақпараттық агенттігін басқарушы Сейітқазы Матаев пен оның ұлы Әсет ірі көлемде бюджет қаражатын қымқырып, салық төлеуден қашқақтағаны үшін айыпталған болатын. Екеуі де айыпты мойындамаған. Бірінші инстанция соты Сейітқазы Матаевты алты жылға, Әсет Матаевты бес жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған. Апелляциялық коллегия соты негізгі үкімді өзгеріссіз қалдырып, қосымша бөлігін ғана өзгерткен еді. Сәуір айында белгілі болғандай, Сейітқазы Матаевқа Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай рақымшылық беріліп, жаза мерзімі 2 жыл 8 айға қысқарды. Ал желтоқсанның басында бостандыққа шықты.

Жаңалықтар
0