АСТАНА, 17 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның Мәскеудегі консулы болып Бауыржан Ақатаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚР-ның РФ-дағы елшілігі.
"ҚР Сыртқы істер министрінің бұйрығымен ҚР-ның Ресейдегі консулы болып Бауыржан Ақатаев тағайындалды", — деп хабарлайды елшілік.
Бұған дейін ол ҚР СІМ консулдық қызмет департаменті директорының орынбасары лауазымын атқарған.
Бауыржан Ақатаев Е.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің түлегі. 2002 жылдан бастап ҚР СІМ жүйесінде еңбек етуде. Әр жылдары ҚР СІМ мемлекеттік қызмет протоколы, консулдық қызмет департаменті, ҚР-ның Тәжікстандағы елшілігінде де еңбек етті.