Қоғам

Өмірзақ Шөкеевтің бірінші орынбасары тағайындалды

© Photo : ҚР премьер-министрінің ресми сайты Арман Евниев ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды
Арман Евниев ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Арман Евниев бұған дейін ҚР Президенті әкімшілігінде мемлекеттік инспектор қызметін атқарды

АСТАНА, 16 қаңтар — Sputnik. Арман Евниев үкімет қаулысымен ҚР ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Primeminister.kz

Арман Қайратұлы Евниев 1968 жылы 21 маусымда Солтүстік-Қазақстан облысында дүниеге келген. Омбы ауыл шаруашылығы институтын (агрономия), Қарағанды институтын, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын бітірген (мемлекеттік басқару). 

Нұржан Әлтаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды
Еңбек жолын 1985 жылы бастады. 1985–1999 жылдары жұмысшы, агроном, бас агроном, совхоз директоры болды.  1999–2008 жылдар әр түрлі мемлекеттік органдарда қызмет етті, "Қазақстан фермерлер одағын" басқарды.

 2008 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың тамызына дейін – ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің вице-министрі. 

2010–2016 жылдары ұлттық компанияларда еңбек етті, “МАЖИКО” басқарушы холдингінің” ЖШС бас директоры болды.

 2016 жылдың қазан айынан бүгінге дейін ҚР Президенті әкімшілігінде мемлекеттік инспектор қызметін атқарды.        


Жаңалықтар
0