Экономика

Елімізде бес мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін

© Photo : Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығыЕлімізде бес мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін
Елімізде бес мың адам жұмыссыз қалуы мүмкін - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қазақстан Инжиниринг" компаниясы "Жасампаз" консорциумымен жасалған ұзақмерзімді келісімшартты бұзған

АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. " ҰК" АҚ-тың "Жасампаз" отандық тауар өндірушілері консорциумымен мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау туралы ұзақмерзімді келісімін негізсіз тоқтатуына қатысты баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды Елорда инфо.

 

Орман Нурбаев - Sputnik Қазақстан
Экономика
"Қазақстан инжиниринг" ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы тағайындалды
"Жасампаз" консорциумы отандық өндірушілерді біріктіру мақсатында 2016 жылы құрылған. Ал мемлекеттік қорғаныс тапсырмасын орындау операторы болып тағайындалған "Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ "Жасампаз" консорциумымен келісімшартқа отырып, 2016-2020 жылдары аралығында ҚР Қорғаныс күштеріне қажетті киім өндіру бойынша бас орындаушы болып белгіленген.

– Оператор мен консорциум арасында жеткізудің ұзақмерзімді келісімшарты жасалып, 2 жыл ішінде айтарлықтай жұмыс атқарылды. Инвестициялық келісім шеңберінде өндірісті кеңейту мен жаңғыртуға қаржы жұмсалды. Алайда "Қазақстан Инжиниринг" ұлттық компаниясы қазіргі таңда түрлі себептерге байланысты консорциуммен біржақты ұзақмерзімді келісімшартты бұзып отыр. Соның салдарынан консорциум құрамындағы 44 кәсіпорын жабылып, 5 мыңнан астам адам жұмыссыз қалғалы тұр, – дейді "Жасампаз" консорциумы мүшелерінің бірі Сәуле Шәуенова.

Енді консорциум құрамындағы компания өкілдері үкіметке отандық тауар өндірушілер мүддесін қорғау жөнінде ресми хат жолдайтындықтарын жеткізді.

Жаңалықтар
0