Қоғам

Сағынтаев: президент бізге соңғы ескерту жасады

© Sputnik / Алексей ДружининНұрсұлтан Назарбаев пен Бақытжан Сағынтаев
Нұрсұлтан Назарбаев пен Бақытжан Сағынтаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жолдауында еңбек министрлігін сынға алған болатын

АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Елбасының жолдауда айтқан сынынан қорытынды шығарып, барлық ведомствоны жұмыла әрекет етуге шақырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сағынтаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың баяндамасынан кейін, президенттің жолдауда айтқан сынына тоқталды. 

Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев - Sputnik Қазақстан
Экономика
Сағынтаев министрге: Қол астындағылардан анықтама талап еткенше, ақпаратты баста ұстау керек
"Жолдауда айтылған сын – барлығымызға жасалған соңғы ескерту. Соның ішінде өңірлерге де. Бұл тұста тек еңбек министрлігінің жұмысында ғана кемшін тұстар бар деп айтуға болмайды. Бұл бәріміз айналысатын кешенді жұмыс: үкімет, өңірлер, әкімдіктер. Сондықтан министр Тамара Қасымқызы  айтқан барлық ұсынысты жеке-жеке талдау керек. Егер қажет болса, менің деңгейімде ай сайын жиналыс өткізіп тұрайық", — деді Сағынтаев. 

Сағынтаев цифрландыру бойынша барлық жұмысты осы жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды. 

"Мемлекет басшысы егер цифрландыру бағытында өз жұмыстарыңды мерзімінен бұрын аяқтасаңдар, онда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша 2020 жылды күтпей, іске қоса беріңдер деп маған да айтқан болатын. МӘМС бұл бағыттағы жұмысты қашан аяқтайтынымызды күтіп отыр", — деді премьер-министр. 

Ярмарка вакансий - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елбасы өзінің тапсырмасына атүсті қараған еңбек министрлігін сынға алды
Естеріңізге салып өтсек, президент Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жолдауында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмысын сынға алған болатын.

"Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен жұмыссыздар экономикалық өсімнің резерві саналады. Мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мәселесін қарастыру жөнінде бірнеше рет талап қойғанмын. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұл іске жауапсыздық танытып, атүсті қарап отырды.Адамдарды нәтижелі жұмысқа тарту үшін көбірек мүмкіндік беріп, олардың жеке кәсібін бастауына немесе жаңа мамандық алып, жұмысқа орналасуына жағдай жасау керек", — деген еді президент.


Жаңалықтар
0