Қоғам

Шымкенттегі атышулы торттың авторы оның құны туралы айтты

© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтуКондитер Ренат Агзамов
Кондитер Ренат Агзамов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресейлік кондитер Ренат Агзамов үйлену тойындағы керемет торттың құны туралы пікір білдірді

АСТАНА, 16 қаңтар — Sputnik. "Төлейтін болса, торт үшін қуана-қуана 10 миллион еуро алар едім", — деді Шымкенттегі атышулы торттың авторы Ренат Агзамов кеше кешкісін Instagram желісіндегі тікелей эфирде.

Кусочки торта, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкенттік торттан шабыт алған павлодарлықтар ауыл көрінісі бейнеленген торт әзірлемек

"Бұл торттың Қазақстанды біраз шулатқанын білемін. Торттың құнына қатысты неше түрлі қызық пікірлерді оқыдым, тілшілер де "отқа май құйып" жатыр-ақ. Бір таңғалатыным, журналистер неге бірден торттың құны 3 миллион еуро, 5 миллион доллар, 10 миллион доллар деп айта салмайды екен? Неге басқадай сомаларды жазады? Халықты елең еткізетін соманы көрсеткісі келетін шығар. Одан да бірден қомақты қаражатты жазбайсыздар ма? Неге сонша төмендетесіздер?! Интерентте 178 мың доллар деп жазыпты, біреулер 180 мың еуро, 250 мың доллар, 380 мың еуро дейді! Айналайындар, құнына келгенде неге арық сөйлеп қалдыңыздар? Ондаған миллион доллар, ондаған миллион еуро деңіздер. Сонда жұрт одан бетер шуласпай ма? Бұл торт неге сонша қымбат деп таңдай қағатын болады!", — дейді Агзамов оқырмандарының сұрағына жауап беріп.

Бірақ ол жұртты тамсандырған туындысының шынайы бағасы туралы тіс жарған жоқ.

Ренат Агзамовтың торты - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Шымкенттегі тойда 4,2 метрлік торт қонақтарды таңғалдырды

"Шын бағасын екі-ақ адамның білуге хақы бар – тапсырыс беруші және мен. Бірақ тілшілер менен қарағанда көбірек білетін сияқты. Жұртты шулатқыларыңыз келсе, бағасын асырып айтыңыздар! Менің еңбегімді төмендетпей, қомақты соманы жазыңыздар. Торттың шынайы бағасын тапсырыс беруші екеуіміз ғана білеміз. Сол жеткілікті. Төлейтін болса, торт үшін 10 есе көп ақша алар едім. 10 миллион еуро төлесе, қуана-қуана алар едім. Неге алмасқа? Мәселен, 50 миллион еуро. Керемет емес пе?!", — дейді Агзамов.     

Еске сала кетейік, қазнет  қолданушыларын таң қалдырған сарай түріндегі тортты ресейлік шеберлер командасы дайындаған. Бұл жөнінде әлеуметтік желіде кондитерлік өнер бойынша Ресей чемпионы Ренат Агзамов жазған. Шымкенттік тойға арналған торттың диаметрі – үш метр, биіктігі – 4,2 метр. Әлеуметтік желі қолданушыларының пайымдауынша, бұл тәттінің болжамдық құны шамамен 180 мың доллар.

Жаңалықтар
0