АСТАНА, 15 қаңтар — Sputnik. "Астана ЭКСПО-2017" компаниясында қоғаммен байланыс департаментінің басшысы қызметін атқарған Сергей Куянов "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорына жаңа қызметке ауысты.
Ол мұнда да қоғаммен байланыс жөніндегі департаментті басқаратын болды.
"Әуелі осындағы қызмет барысымен танысып, содан соң жоспар құрамын. Департамент жұмысы басшылықтың тапсырмасына сәйкес жолға қойылады", — деді Куянов Sputnik Қазақстан тілшісіне.
Сергей Куянов атап өткендей, департаментте оның қол астында бұрынғы құрамнан қалған төрт қызметкер жұмыс істейтін болады.