Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Әлемдегі ең ірі көлік кептелістері

Жазылу
Қазақстандық темір тұлпар иелері, әсіресе Астана мен Алматы сияқты ірі қалаларда тұратындар күнделікті көлік кептелісіне тап болып жатады

Ал жергілікті билік өкілдері мұндай келеңсіздіктерді жоямыз деп уәде беруден жалықпайды-ақ. Бірақ ауа райы күрт бұзылып немесе бағдаршам істемей қалса болды, жол бойында көліктер бірінен соң бірі тізіле қалып, шаруасына асыққан жұрттың жүйкесін тоздырады.

Олай болса, елордамыздағы көліктердің аласапыраннан әбден зарыққан темір тұлпарлылардың назарына әлемдегі ең ұзын кептелістер туралы фотолента ұсынамыз.


© AFP 2024 / MAURICIO LIMAӘдетте, ең ірі көлік кептелісі Бразилияның экономикалық орталығы – Сан-Паулу қаласында деп саналады. Дәл осы қалада 2009 жылы әлемдегі ең ұзын көлік кептелісі тіркелді - 293 километр! Сол күні діни мерекені тойлау үшін 3 миллионға жуық адам қала сыртына шыққысы келген. Бұл кептелістің рекордын әлі ешкім жаңартқан жоқ.
Көлік кептелісі - Sputnik Қазақстан
1/7
Әдетте, ең ірі көлік кептелісі Бразилияның экономикалық орталығы – Сан-Паулу қаласында деп саналады. Дәл осы қалада 2009 жылы әлемдегі ең ұзын көлік кептелісі тіркелді - 293 километр! Сол күні діни мерекені тойлау үшін 3 миллионға жуық адам қала сыртына шыққысы келген. Бұл кептелістің рекордын әлі ешкім жаңартқан жоқ.
© AFP 2024 / STR Ал ең ұзаққа созылған кептеліс G110 Бейжің — Тибет тас жолында 2010 жылы тамызда болыпты – көліктер екі апта бойы шырмауда қалғандай күй кешкен. Бұған жол жөндеу жұмыстарының кесірі тиген екен. Миллиондаған қытайлық 260 шақырымға созылған кептелісте қалып қойып, күніне 1 километр жылдамдықпен ғана алға жылжыған.
Көлік кептелісі - Sputnik Қазақстан
2/7
Ал ең ұзаққа созылған кептеліс G110 Бейжің — Тибет тас жолында 2010 жылы тамызда болыпты – көліктер екі апта бойы шырмауда қалғандай күй кешкен. Бұған жол жөндеу жұмыстарының кесірі тиген екен. Миллиондаған қытайлық 260 шақырымға созылған кептелісте қалып қойып, күніне 1 километр жылдамдықпен ғана алға жылжыған.
© Sputnik / Юрий Сурин / Медиабанкке өтуРесейде де мұндай жайттар жиі болып тұрады. 2012 жылы 30 қарашада М10 Мәскеу — Санкт-Петербург тас жолында пайда болған көлік кептелісі 200 километрді алып, үш күнге созылған.
Көлік кептелісі - Sputnik Қазақстан
3/7
Ресейде де мұндай жайттар жиі болып тұрады. 2012 жылы 30 қарашада М10 Мәскеу — Санкт-Петербург тас жолында пайда болған көлік кептелісі 200 километрді алып, үш күнге созылған.
© AFP 2024 / FRED DUFOUR1980 жылы ақпанда Альпы тауларында демалыстан қайтып келе жатқан француздар Париж-Лион тас жолындағы 170 шақырымға созылған көлік кептелісіне тап болды. Жұмыс күні басталарда 5 миллион автокөлік иесі Франция астанасына асыққан еді. Ахуалды қалың тұман одан сайын ушықтырып жіберіпті.
Көлік кептелісі - Sputnik Қазақстан
4/7
1980 жылы ақпанда Альпы тауларында демалыстан қайтып келе жатқан француздар Париж-Лион тас жолындағы 170 шақырымға созылған көлік кептелісіне тап болды. Жұмыс күні басталарда 5 миллион автокөлік иесі Франция астанасына асыққан еді. Ахуалды қалың тұман одан сайын ушықтырып жіберіпті.
© AFP 2024 / JAMES NIELSEN2005 жылы қыркүйекте Техас штатына 5-ші дәрежелі "Рита" дауылы төніп келе жатты. Халық жан ұшыра қауіпсіз аймаққа аттанып, сапарға шығу үшін ең танымал I-45 магистралін таңдаған. Санаулы сағаттарда 160 шақырымға созылған кептеліс пайда болды. Көліктер 48 сағат бойы жол үстінде қаңтарылса да, жаппай көшу қаншама адамның өмірін сақтап қалған.
Көлік кептелісі - Sputnik Қазақстан
5/7
2005 жылы қыркүйекте Техас штатына 5-ші дәрежелі "Рита" дауылы төніп келе жатты. Халық жан ұшыра қауіпсіз аймаққа аттанып, сапарға шығу үшін ең танымал I-45 магистралін таңдаған. Санаулы сағаттарда 160 шақырымға созылған кептеліс пайда болды. Көліктер 48 сағат бойы жол үстінде қаңтарылса да, жаппай көшу қаншама адамның өмірін сақтап қалған.
© AFP 2024 / DERRICK CEYRAC Берлин қабырғасы құлаған соң 1990 жылы шығыстық және батыстық немістер 40 жылда алғаш рет Пасха мерекесін тойлау үшін бір-біріне қонаққа барады. Соның салдарынан 18 миллион көліктен тұратын ірі кептеліс пайда болыпты.
Берлин қабырғасы құлаған соң 1990 жылы шығыстық және батыстық немістер 40 жылда алғаш рет Пасха мерекесін тойлау үшін бір-біріне қонаққа барады. Соның салдарынан 18 миллион көліктен тұратын ірі кептеліс пайда болыпты. - Sputnik Қазақстан
6/7
Берлин қабырғасы құлаған соң 1990 жылы шығыстық және батыстық немістер 40 жылда алғаш рет Пасха мерекесін тойлау үшін бір-біріне қонаққа барады. Соның салдарынан 18 миллион көліктен тұратын ірі кептеліс пайда болыпты.
© AP Photo Әлемдегі алғашқы көлік кептелісі 1969 жылы болғанымен, қазіргі ірі кептелістермен салыстырғанда түкке тұрғыз, болмашы жайт сияқты көрінеді. Жарты миллион көлік жиналып, 32 километрге созылған кептеліс сол кезде халыққа айтарлықтай қиындық туғызған.
Әлемдегі алғашқы көлік кептелісі 1969 жылы болғанымен, қазіргі ірі кептелістермен салыстырғанда түкке тұрғыз, болмашы жайт сияқты көрінеді. Жарты миллион көлік жиналып, 32 километрге созылған кептеліс сол кезде халыққа айтарлықтай қиындық туғызған. - Sputnik Қазақстан
7/7
Әлемдегі алғашқы көлік кептелісі 1969 жылы болғанымен, қазіргі ірі кептелістермен салыстырғанда түкке тұрғыз, болмашы жайт сияқты көрінеді. Жарты миллион көлік жиналып, 32 километрге созылған кептеліс сол кезде халыққа айтарлықтай қиындық туғызған.
Жаңалықтар
0