АСТАНА, 15 қаңтар — Sputnik. Ақмола және Павлодар облыстарында жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті сайты.
"Ауа райы қолайсыздығына (бұрқасын, боран, жолдың дұрыс көрінбеуі) байланысты Астана – Ерейментау – Шідерті жолында көліктердің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды", — делінген хабарламада.
Ал Павлодар облысында 14 қаңтарда сағат 23.50-ден бастап Астана – Шідерті жолы жабылды.
Сонымен қатар, бұдан бұрын Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында дабылды ескерту жарияланған еді.