Өңірлер

Алматы облысында белгісіз біреулер бизнесменнің көлігін жарып жіберді

CC0 / Ben Kerckx / Автокөлік, түтін
Автокөлік, түтін - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жарылыс салдарынан 23 жастағы жігіт аяғынан жарақат алды

АСТАНА, 14 қаңтар — Sputnik. Алматы облысында белгісіз біреулер кәсіпкердің көлігіне жарылғыш зат қойып, жарып жіберді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Көлік бағананы құлатты - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Автокөлік билбордқа соғылып, бағананы құлатты
Алматы облысы ІІД ақпаратты растап, белгісіз жарылғыш зат автокөліктің астына қойылғанын хабарлады. Жарылыс кезінде көлік иесі емес, оның жалдамалы жұмысшысы зардап шеккен.  

Жергілікті кәсіпкерлердің біріне тиесілі "Лексус" автокөлігі 13 қаңтар күні Еңбекшіқазақ ауданындағы Ащысай ауылында жарылған. Жарылыс салдарынан 23 жастағы жігіт аяғынан жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.  

"ҚР ҚК 24 және 99-баптарында ("Адам өлтіруге оқталу") қарастырылған сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмыстық істі әзірге Еңбекшіқазақ АІІБ қызметкерлері тергеп жатыр", — деп хабарлады Алматы облысы ІІД өкілі Көбейхан Нұрахмет. 

Қазіргі таңда өңірдің полицейлері күдіктілерді анықтауға бағытталған шұғыл іздестіру шараларын жүргізуде.    


Жаңалықтар
0