Оқиға

Ақмола облысында қырғыз жігітін көлік қағып өлтірді

© Sputnik / Владимир Вяткин / Медиабанкке өтуТұман
Тұман - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бастапқы деректер бойынша ер адам өз көлігінен түскенде, жанынан өтіп бара жатқан көлік қағып кеткен

АСТАНА, 12 қаңтар — Sputnik. Ақмола облысы арқылы өтіп бара жатқан Қырғызстан азаматы жол апатында қаза тапты, деп хабарлайды өңірдің ішкі істер департаменті баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Теміржол - Sputnik Қазақстан
Оқиға
СҚО-да теміржол өткелінде мотоциклші қаза тапты

Жол апаты 12 қаңтарда сағат 13.00 кезінде Аршалы ауданында Ижевское ауылына жақын жерде болған. Астананың 45 жастағы тұрғыны Hyundai Sonata көлігімен елордадан Қарағандыға қарай бара жатып, тиісті емес жерден жолды кесіп өтпек болған қырғыз жігітін қағып кетті. Ер адам алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапқан.

Қырғызстан азаматының жасы да қырық бесте болған екен, Ош облысының тумасы. Ер адам жолды қарау үшін кесіп өте бергенде көлік астына түскен.

Сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптама тағайындалды. 

Айта кетейік, Ақмола облысында екі күннен бері ақтүтек боран соғып тұр.

Жаңалықтар
0