Оқиға

Алматы облысында 23 жастағы жігіт әкесінің басын жарып тастады

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуқан
қан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әкесімен төбелесіп, оның басын жарған жас жігітті полиция ұстады

АСТАНА, 12 қаңтар — Sputnik. Алматы облысында полицейлер жанжал кезінде әкесінің басын жарған жас жігітті ұстады, деп хабарлайды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

11 қаңтарда Кербұлақ аудандық ауруханасына Қоғалы ауылының 46 жастағы тұрғыны жекізіледі. Белгілі болғандай, туған ұлымен жанжалдасып қалып, ол әкесінің басын жарып қойған. 

Полиция денсаулыққа қасақана ауыр зардап тигізді деген күдікпен 23 жастағы жігітті ұстады. Төбелес кезінде оның әкесін ет тартқышпен басынан ұрғаны анықталды. Ас үй құралын полицейлер тәркілеп, қылмыстық өндіріс материалдарына тіркеп қойды. 

Қылмыстық кодекстің 106-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Ұсталған жігітті Кербұлақ аудандық полициясы қамауға алды. 

Облыстық департаменттің хабарлауынша, күдікті бұған дейін бірнеше рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған.


Жаңалықтар
0