Игенбердинов: альтернатива платным парковкам – общественный транспорт и такси
Оның айтуынша, Нұржол бульварі маңында орналасқан компаниялар өз жұмысшыларына ғимарат ішінен тұрақ ұсынады. Жақын маңда жұмыс істейтін астаналықтар бұл тұрақтарды пайдалану үшін ақылы абонемент сатып ала алады. Нұржолдағы тұрақтардың бағасы сағатына 100 теңге.
"Бізде мынадай да жүйе бар, бірнеше адам бірігіп, 200 теңгеден жиналады да, такси жалдайды. Осылайша қалаған жеріне барып, қайта алады. Жұмысқа барудың жолы көп қой. Өз көлігіне отыруға, такси шақыруға, қоғамдық көлікпен баруға немесе жаяу жетуге де болады", — дейді Игенбердинов.