Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда мектептен шыққан мұғалім боранда жоғалып кетті

© Sputnik / В.Чистяков / Медиабанкке өтуборан
боран - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Уәлихан ауданының полициясы боранда жоғалып кеткен мұғалімді іздестіріп жатыр

АСТАНА, 12 қаңтар — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер із-түзсіз жоғалып кеткен Уәлиханов ауданының 20 жастағы тұрғынын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Уәлиханов ауданында ішкі істер бөлімінің жеке құрамы кеше дабыл бойынша көтерілді. 

"ІІД және аудандық ішкі істер бөлімі, сондай-ақ төтенше жағдайлар және әкімдік қызметкерлері екінші күн Береке ауылының 20 жастағы тұрғынын іздеп жатыр. Бейсенбі сағат 12:30 шамасында мұғалім мектептен шығып кетіп, осы уақытқа дейін үйіне оралған жоқ. Жолда оның ауылдасының үйіне кіргені белгілі болды. Үйден шыққасын боранда белгісіз жаққа кетіп қалуы мүмкін", — дейді аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Марат Әлжанов. 

Полиция подполковнигінің айтуынша, іздеу топтары жұмыс істеп жатыр. Мұғалім көрші ауылдардан да іздестірілуде, Ақмола облысының полицейлері де жағдайдан хабардар. 


Жаңалықтар
0