АСТАНА, 11 қаңтар — Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы полицейлері 16 жыл іздеуде болған қарақшыны Шымкентте ұстады, деп хабарлайды облыстың ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
"2001 жылы Тайынша аудан орталығындағы үйлердің бірінде қарақшылық шабуыл жасалған. Бір топ тұлға құны үш миллион теңгеден астам тауарды иемденіп кетіпті. Полиция алты қарақшыны бірден ұстап, біреуі қашып кеткен болатын", — деп түсіндірді ІІД.
Жедел іздеу шаралары барысында іздеудегі тұлға жақында Шымкент қаласында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.