Қоғам

Бас мүфти: қазір көп ғалым өз ғылыми жұмысының жауабын Құраннан тауып жатыр

© Photo : muftyat.kzБас мүфти "Әзірет Сұлтан" мешітінде Құранның өмірлік қағидалары туралы айтты
Бас мүфти Әзірет Сұлтан мешітінде Құранның өмірлік қағидалары туралы айтты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бас мүфти "Әзірет Сұлтан" мешітінде Құранның өмірлік қағидалары туралы айтты

АСТАНА, 10 қаңтар — Sputnik. Бас мүфти Серікбай қажы Ораз "Әзірет Сұлтан" мешітінде ақшам намазынан кейін жамағатпен жүздесіп, "Құранның өмірлік қағидалары" тақырыбында ғибратты уағыз айтты, деп жазады muftyat.kz. 

Бас мүфти уағызында Құран – соңғы пайғамбармен кемеліне жеткен ең ұлы дін – Исламның кітабы екенін, сондықтан Ол барша адамзатқа, бүкіл ғасырда әрі барлық ғылыми деңгейде тәлім үйрететіні туралы ойларын пайымды тұжырымдармен жеткізді. 

Жаңадан сайланған бас мүфти Серікбай қажы Ораз - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Серікбай қажы Ораз Бас мүфти болып сайланды

"Құран адамзатқа аманат. Ол – ғылым мен білім, тәлім-тәрбие. Құран Кәрім – өмірдің барлық саласын қамтыған, адамдарды зұлымдықтан, надандықтан қорғап, жақсылыққа бастайтын кемел кітап. Қазіргі көптеген ғалымдар өзінің зерттеген ғылыми жұмыстарының жауабын осы Құраннан тауып жатқаны да жасырын емес. Өйткені, ғылым болашақ жайлы тұжырым жасамай, тек нәтижелерді ғана айта алады. Ал, Құран таңғажайып мұғжиза ретінде ғасырлар бұрын айтқан анықтамалары ғылымда айна қатесіз орындалып жатыр", — деді Бас мүфти.

Сондай-ақ, Бас мүфти қасиетті Құран қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтитыны жайлы айтып өтті.

© Photo : muftyat.kzБас мүфти Құранның өмірлік қағидалары туралы уағыз оқыды
Бас мүфти Құранның өмірлік қағидалары туралы уағыз оқыды - Sputnik Қазақстан
1/2
Бас мүфти Құранның өмірлік қағидалары туралы уағыз оқыды
© Photo : muftyat.kzБас мүфти Серікбай қажы Ораз
Бас мүфти Серікбай қажы Ораз - Sputnik Қазақстан
2/2
Бас мүфти Серікбай қажы Ораз
1/2
Бас мүфти Құранның өмірлік қағидалары туралы уағыз оқыды
2/2
Бас мүфти Серікбай қажы Ораз

"Адамзатты надандық шырмауынан құтқарып, қараңғылықтан нұрға бастау үшін жіберілген қасиетті Құран Кәрім – жол көсетуші нұр. Құранда нәпсі тәрбиесі, ар-ождан тазалығы, өз-өзіне есеп беру, жанұяны басқару, бала тәрбиесі, әлеуметтік қатынастар, әдептілік қағидалары, адамгершілік нормалары, экономика, жаратылыс заңдылықтары, ғылым салаларының негіздері сияқты көптеген жайттар қамтылған. Құран оқылған, оған амал етілген үйде, жерде, елде тыныштық орнайды, Алланың берекеті болады", — деп атап өтті Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.


Жаңалықтар
0