Әлем

Төмен жалақыға шағымданған мұғалім түрмеге қамалды

© AFP 2024 / Sergei SupinskyҚолына кісен тағылған әйел, архив
Қолына кісен тағылған әйел, архив - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ағылшын тілі мұғалімі мектеп кеңесінің отырысында белгіленбеген тәртіпте сұрақтар қойған

АСТАНА, 10 қаңтар — Sputnik. АҚШ-тың Луизиана штатында мектеп кеңесінің отырысында ұстаздардың жалақысына шағымданған мұғалімге кісен тағылды, деп хабарлайды РИА Новости. 

Басылым жазғандай, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Дэйша Харгрэйв (Deyshia Hargrave) кеңес мүшелеріне ашумен жалақының төмен екенін айтып шағымданған. Мұғалім отырыста белгіленбеген тәртіпте сұрақтар қойыпты. Кезекші офицер оған ескерту жасап, кейін дәлізге шығуды сұраған. Залдан шыққаннан кейін ол әйелді жерге жығып, қолына кісен таққан. 

Полиция офицерінің басшылықтан нұсқау алғаны немесе өз бетінше әрекет еткені нақтыланбаған. Басылым ақпаратына сүйенсек, кеңес мүшелері мұғалімге ешқандай айып таққалы отырған жоқ. 

Оқытушы билік өкіліне қарсылық көрсеткені үшін түрмеге қамалды. Заңгерлер тексеріс жүргізуде.

Жаңалықтар
0