Қоғам

Полиция ақбөкенді қорлаған адамдарды анықтады

© Photo : Министерство сельского хозяйства КазахстанаАқбөкендер
Ақбөкендер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгінде қоғам назарына ілінген іске қатысы бар адамдардың кейбірінің жеке тұлғасы анықталып отыр

АСТАНА, 10 қаңтар — Sputnik. Қорғалжын мемлекеттік қорығында ақбөкенді көлікпен қуып, видеоға түсірген адамдардың бір бөлігі анықталды, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Ақмола облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.   

"Ақбөкен жайлы видеодағы адамдардың кейбірі анықталды, олар Астана тұрғындары болып шықты, қазір жауап алынып жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес әзірге қалған ақпаратты бере алмаймыз, іс бақылауға алынған", — деп хабарлады Амола облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлнәр Пинчук.  

Ақбөкен - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ақмола облысында ақбөкенді қорлаған бір топ жігіт іздестірілуде
Ол даулы істің барлық мүшесі анықтала салысымен бұл туралы міндетті түрде ақпарат берілетінін атап өтті. 

 Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік желіде жарияланған видеода белгісіз біреулер ақбөкенді көлікпен қуып, кейін әбден қалжыраған жануарды мазақ қылғанын хабарлаған едік.

Болған жайт туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook парақшасында жариялады. Желіге салған видеода бір топ жігіт пен бала зәресі ұшып, әбден қалжыраған ақбөкенге тиісіп, мәз-мейрам суретке түсіп жатыр.

Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің өкілдері атап өткендей, жануарларды қорлап, қиянат жасаған тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылады. 

Жаңалықтар
0