Қоғам

БАӘ 7 көлікті ұрлады деген күдікке ілінген қазақстандықты қайтарды

© Sputnik / Кирилл Каллиников / Медиабанкке өтуТұтқындау, архивтегі фото
Тұтқындау, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан азаматын жеті автокөлікті ұрлады деген күдікпен Интерпол іздеген

АСТАНА, 10 қаңтар — Sputnik. Қазақстан бас прокуратурасының сұрауы бойынша Біріккен Араб Әмірліктерінің Әділет министрлігі аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталған қазақстандықты беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлады қадағалау органының баспасөз қызметі.  

Р.Найзабай Қазақстан Бас прокуратурасы мен ІІМ Интерпол күштері және БАӘ-дегі Қазақстан бас консулдығының күш салуымен елге жеткізілді.

қамауға алу - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қазақстандық содыр 6 жыл іздеуден кейін Ауғанстаннан экстрадицияланды
Ол өткен жылы жазда 7 адамды алдап, көлігін заңсыз иеленді деген күдікке ілінді. Кейіннен автокөліктерді жалған құжатпен сатып жіберген.  

Келтірілген шығынның жалпы сомасы 30 миллион теңгені құрды.

Күдікті қылмыстық қудалау органынан жасырынуына байланысты халықаралық іздеу жарияланды.

Р.Найзабай Астана қаласының тергеу изоляторына жабылды.


Жаңалықтар
0