Саясат

Сыртқы істер министрлігі қос Корея арасындағы келіссөздерді құптайды

© Sputnik / Болат ШайхиновҚР СІМ ғимараты
ҚР СІМ ғимараты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан корейаралық диалог қайта қалпына келеді деген үмітте

АСТАНА, 10 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі жоғары деңгейдегі корейаралық келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады.

Қазақстан Республикасы 2018 жылдың 9 қаңтарында өткен Корея Республикасы мен Корея Халық Демократиялық Республикасы арасындағы жоғары деңгейдегі келіссөздерді құптайды және екіжақты қарым-қатынастарды жақсарту үшін екі елдің күш-жігерін жоғары бағалайды.

КХДР басшысы Ким Чен Ын - Sputnik Қазақстан
Әлем
Солтүстік Корея басшысы: ядролық қарудың батырмасы жұмыс үстелімде тұр
Бұл кездесу мен Солтүстік Кореяның Пхенчханда өтетін XXIII Қысқы Олимпиада ойындарына қатысуы толыққанды корейаралық диалогтың қайта жаңаруына бастау болып, Корей түбегіндегі шиеленісті жеңілдетуге жәрдемдеседі деп үміттенеміз.

Корея Республикасы мен Солтүстік Корея арасындағы белсенді диалог Корей түбегінің денуклеаризация мәселесіне оң әсерін тигізеді деген сенімдеміз.

Қазақстан Корей түбегіндегі жағдайдың диалог пен келіссөздер арқылы реттелуін дәйекті қолдайды.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы, сондай-ақ өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан мемлекет ретінде Қазақстан барлық мүдделі тарапты Солтүстік Кореяның ядролық және баллистикалық бағдарламалары бойынша келіссөздер үдерісін жедел қайта қозғауға шақырады.


Жаңалықтар
0