Өңірлер

Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, бұрқасындатады

© Sputnik / В.Чистяков / Медиабанкке өтуБоран
Боран - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республиканың қиыр оңтүстік-шығысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз

АСТАНА, 10 қаңтар — Sputnik. Қазақстан аумағының басым бөлігіне циклон мен атмосфералық фронттар әсер етіп, салдарынан көптеген облыста қар жауады, боран соғып, тұман түседі, көктайғақ болады, деп хабарлады "Қазгидромет" баспасөз қызметі.

Қыс - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Синоптиктер: алдағы күндері ауа температурасы көтеріледі

Қарағанды облысында желдің екпіні — 15-20, кей жерлерде 25 м/с, кей аудандарда боран соғып, тұман түседі.

Ақмола облысында түнде кей жерлерде, күндіз өңірдің басым бөлігінде жел соғады — 15-20, кей жерлерде ұйытқуы — 23-28 м/с, кей аудандарда боран соғып, көктайғақ болуы ықтимал.

Павлодар облысында түнде кей жерлерде, күндіз өңірдің басым бөлігінде желдің екпіні — 15-20 м/с, кей аудандарда – боран, тұман, көктайғақ.

Шығыс Қазақстан облысында, күндіз Жамбыл облысында кей жерлерде боран, көктайғақ, желдің екпіні — 15-20, бұрқасын — 23-28 м/с, Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында — тұман, көктайғақ, жел — 15-20, ұйытқуы — 25 м/с.

Қостанай, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде боран соғып, тұман түседі, желдің екпіні — 15-20 м/с, Атырау, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде көктайғақ.

Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні — 15-20 м/с.

Батысв Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі.

Жаңалықтар
0