Саясат

Елбасының Қазақстан халқына жолдауы сәрсенбі жарияланады

© Sputnik / Виктор ТолочкоНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ол төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында еліміздің дамуына арналады
АСТАНА, 9 қаңтар — Sputnik. Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауы 10 қаңтарда жарияланады.
 
"Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алды. Еліміздің 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясы жүзеге асырылуда. "100 нақты қадам" Ұлт жоспары аясында біз реформаларлы жүргізіп келеміз. Индустрияландыру саласын өркендету үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда. Біз конституциялық реформаны жүзеге асырып, еліміздің үшінші жаңғыруын бастадық. Рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс шаралар жүргізілуде", — деді Нұрсұлтан Назарбаев жолдауға арналған мәлімдемесінде. 

Мемлекет басшысы 10 қаңтарда сәрсенбі Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауы жарияланатаныны жеткізді.

"Ол төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында еліміздің дамуына арналады", — деді Елбасы. 

Айта кетейік, бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы халыққа жолдауына байланысты мәлімдеме жасайтыны хабарланған еді. Алты минуттық мәлімдеме республикалық телеарналарда көрсетілді.
Жаңалықтар
0