АСТАНА, 9 қаңтар — Sputnik. Өскемен қаласында ер адам жетінші қабаттың терезесінен құлап көз жұмды, деп хабарлайды altaynews.kz.
Жазатайым оқиға Карл Маркс көшесіндегі №32 тұрғын үйдің ауласында болған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам 7-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кеткен.
"1973 жылғы пәтер иесі жөндеу жұмыстары кезінде терезеден құлады. Ер адам ауыр жарақат алып қаза тапты", — дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Торғаев.
Аталған фактіге қатысты тергеу жүріп жатыр.