Саясат

Назарбаевтың бүгін қандай мәлімдеме жасайтыны белгілі болды

Жазылу
Елбасы дәстүрлі Қазақстан халқына жолдауына байланысты мәлімдеме жасамақ

АСТАНА, 9 қаңтар — Sputnik. Бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы халыққа жолдауына байланысты мәлімдеме жасайды, деп хабарлайды Ақорда. 

"Бүгін 19:00-де Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауына байланысты республикалық телеарналардың эфирінен мәлімдеме жасайды", — деп жазылған сайтта. 

Айта кетсек, бүгін Ақорда президент Нұрсұлтан Назарбаевтың маңызды мәлімдеме жасайтынын хабарлаған еді. Мемлекет басшысының сөзі алты минутқа созылады. 
Жаңалықтар
0