Қоғам

Денсаулық сақтау министрлігі осы маусымда тұмаудан қанша адам өлгенін айтты

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуДәрілік препараттар мен қызу өлшегіш
Дәрілік препараттар мен  қызу өлшегіш - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның бас санитарлық дәрігері осы күзгі-қысқы маусымда тұмаудан қанша адам өлгенін жария етті

АСТАНА, 9 қаңтар — Sputnik. 2017 жылдың қазанынан бері елімізде ЖРВИ-ден бес адам көз жұмды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин мәлімдеді.   

Аурухана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Денсаулық сақтау саласындағы ең басты жүз мәселе анықталды
Оның мәліметінше, әлемде тұмаудан 500 мыңға тарта адам өлген. Қазақстанда 2012-2013 жылдары тұмаудың өзінен 69 адам, өткен жылы тоғыз адам көз жұмған. 2017 жылдың қазанынан бастап ЖРВИ бес адамның өмірін қиған.  

Бас санитарлық дәрігер ата-аналарға өзін-өзі емдеу қауіпті екенін ескертіп, эпидемиялық маусым кезінде жаппай іс-шараларға қатысудан бас тартуға, сырқат балаларды балабақша мен мектепке жібермеуге шақырды.   

Сонымен қатар Бекшин ақпанда тұмауға шалдығатындар саны күрт өсетінін хабарлады.   


Жаңалықтар
0