Қоғам

Астана жолдарында "гармошка" автобустар көбеюі мүмкін

© Sputnik / Ксения ВоронинаАвтобустың архивтегі фото
Автобустың архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Былтыр елорданың автобус паркі 380 жаңа көлікпен толықты

АСТАНА, 8 қаңтар — Sputnik. Астана жолаушылар көлігі басқармасының басшысы Бекмырза Игенбердинов биыл автобус паркін жаңарту жоспарланып отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Игенбердиновтің айтуынша, жолаушылар басқармасы халық көп жүретін уақытта үнемі толып жүретін автобустарда адам санын азайту үшін тиісті жұмыстар жүргізілуде. 

Автобус салоны - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада жолақы құнын 150 теңгеге дейін көтеру ұсынылды
"Мен күн сайын жолаушыға 90%-ға толған автобустар бойынша талдау жүргіземін. Біздің мақсатымыз автобустардағы жолаушылар санын 70-80%-ға дейін азайту. Бұл бір жағынан кондукторлардың жұмысын жеңілдетсе, екінші жағынан адамдардың қауіпсіздігі үшін де маңызды. Бұл көрсеткішке жетсек, адамдар автобуста қыстырылмай, өздерін жайлы сезінеді. Аталған бағытта тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Қазір күннен-күнге қала аумағы да кеңеюде. Бүгінде елордада 1 млн 200 мың адам тұрады. Қосымша рейстер ашып, маршруттарды ауыстырып жатырмыз. Ескі автобустарды жаңалары алмастыруда", — деді Игенбердинов. 

Басқарма басшысы биыл елорданың автобус паркін жаңарту жоспарланып отырғанын атап өтті. Жаңа көлік сатып аларда басымдық көп сиятын ұзын автобустарға берілмек.

"Өткен жылы 380 жаңа автобус сатып алдық, биыл да автобус паркін жаңарту жоспарланып отыр. Осы жылы қанша қоғамдық көлік сатып алатынымызды бюджетке қарай есептейміз. Әзірге сомасы белгісіз. Биыл жаңа көлік сатып аларда "гармошка" автобустарға басымдық беріледі. Қазір бұл бағытта автобус парктерінің басшылығымен жұмыс жүргізілуде", — деді ол.


Жаңалықтар
0