Саясат

Қарин: Назарбаев алғашқылардың бірі болып Ақ үйде Трамппен кездеседі

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуАқ үй, АҚШ
Ақ үй, АҚШ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақ үйде алғашқылардың бірі болып Дональд Трамппен кездесу өткізеді

АСТАНА, 8 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесінің төрағасы, белгілі саясаттанушы Ерлан Қарин Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапарының басты бағыттарын атап көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Назарбаев қаңтарда АҚШ-қа ресми сапармен барады. 

"Қазақстан президентін Ақ үйдің басшысы Дональд Трамп шетелдік көшбасшылардың алғашқыларының қатарында қарсы алады", — деді Қарин сарапшылар кеңесінде. 

Оның пайымдауынша, Қазақстан басшысының сапары тек қазақстандық-америкалық ынтымақтастықты дамытып қана қоймай, АҚШ пен Орталық Азияның қарым-қатынасын айқындауда аса маңызды болмақ. 

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Қазыхановпен кездесті - Sputnik Қазақстан
Саясат
Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа барады

Қариннің айтуынша,  Қазақстан ядролық қаруға қарсы мәселеде көшбасшылардың бірі ретінде АҚШ басшылығымен кездесуде бұл түйіткілді ортаға сала алады. 

Бұдан бөлек, саясаттанушы Назарбаевтың сапары Қазақстанның БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне төрағалығымен тұспа-тұс келіп отырғанын атап өтті. 

Айта кетсек, Астана клубының жабық отырысында Нұрсұлтан Назарбаев келесі жылдың басында АҚШ президентімен кездесетінін растап, Дональд Трамппен кездесуде қандай мәселелер талқыланатынын айтқан болатын. 

 

Жаңалықтар
0