Өңірлер

Ауа райы болжамы: еліміздің басым бөлігінде қар жауады

© Sputnik / Анатолий УстиненкоҚар
Қар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бүгін боран, көктайғақ, тұман және бұрқасын болуы ықтимал

АСТАНА, 8 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар жауады, тек шығыс пен оңтүстік батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлады "Қазгидромет".

Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні — 23-28 м/с, түнде кей жерлерде тұман түседі.

Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында, күндіз Ақмола облысында кей жерлерде боран, көктайғақ, желдің екпіні — 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында күндіз желдің екпіні — 15-20, бұрқасын — 23 м/с.

Қостанай облысында таңертең және күндіз желдің екпіні — 15-20 м/с, кей жерлерде боран, көктайғақ, тұман.

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданында желдің екпіні — 15-20 м/с, таңертең және түнде кей жерлерде тұман.

Атырау облысында – кей жерлерде тұман, көктайғақ, күндіз желдің екпіні — 15-20 м/с.

Жамбыл, Маңғыстау облыстарында, Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде – тұман, көктайғақ.

Қызылорда облысында, түнде Қарағанды облысында – кей жерлерде тұман.

Жаңалықтар
0