АСТАНА, 6 қаңтар – Sputnik. ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Рәпіл Жошыбаев "ЭКСПО-2017" көрмесінің комиссары қызметінен босатылды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары қызметінен босатылды", — делінген хабарламада.