АСТАНА, 6 қаңтар — Sputnik. Украинадан Қазақстан мен Қырғызстанға Ресей арқылы тауар тасымалдауға салынған тыйым 2018 жылдың 30 маусымына дейін ұзартылды, деп хабарлайды құқықтық ақпарат беретін ресми интернет-порталда.
Тыйым салуды ұзарту туралы жарлық былтыр 30 желтоқсанда күшіне енген.
Ресей 2016 жылдың 1 қаңтарынан бері Украинадан транзиттік көліктік және теміржол тасымалдарын жүргізуге тыйым салуды енгізген болатын. Ал сол жылы 1 шілдеден бастап бұл тыйым Украинадан Қазақстан мен Қырғызстанға Ресей аумағы арқылы тасымалданатын тауарларды да қамтыды.