Қоғам

Астана мешітінде ұрлық жасаған тұрғын ұсталды

© AFP 2024 / Kirill KUDRYAVTSEVНұр-Астана мешіті
Нұр-Астана мешіті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оның бір емес, бірнеше рет мешітте ұрлық жасағаны анықталды

АСТАНА, 5 қаңтар — Sputnik. Полицейлер мешітте ұрлық жасады деген күдікпен 47 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Астана қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Нұрлан Ермекбаев - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Министр: сауапты іс жасау үшін тек мешіт салу міндетті емес

"4 қаңтарда полицияға қала тұрғыны сағат 15.00 шамасында белгісіз адамның Рақымов көшесінің бойында орналасқан мешіттегі киім ілетін орыннан жасырын түрде күртесін жымқырып кеткені туралы арызбен жүгінген, оның қалтасында құжаттары мен ақшасы бар әмиян, ұялы телефон, автокөліктің кілті болған. Шығын 200 000 теңгеге жуық", — дейді полицейлер. 

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция 47 жастағы қала тұрғынын ұстады. Тергеу кезінде оның осыған ұқсас басқа да ұрлықтарды жасағаны дәлелденді.

"Қаскүнем мешітке келушілердің күртесін алып, өзінікіндей киіп, оқиға орнынан жасырынған. Аталған факті ҚР ҚК 188- бабы бойынша (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Ұсталған адам Астана қаласы ІІД уақытша қамау изоляторына қамауға алынды. Қала аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде", — деп хабарлады баспасөз қызметі. 


Жаңалықтар
0