АСТАНА, 4 қаңтар — Sputnik. Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) бапкері Абель Санчес мексикалық Сауль Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы өтуі мүмкін реваншқа қатысты пікірін білдірді, деп хабарлады Sports.kz.
"Том Леффлер мен Golden Boy компаниясы келісімге келсе, біз дайындықты бастаймыз. "Канелоның" реванштағы жалғыз басымдығы – ол жастау. Бірақ Геннадий тәжірибелі, оған әуесқой бокстағы тәжірибесін қосыңыз", — деді Санчес Boxingscene.com-ға берген сұхбатында.
Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегасте өтіп, тең аяқталды. GGG — "Канело" реваншы 5 мамырда өтеді деп жоспарлануда. 1XBET букмекерлік кеңсесі мынадай коэффициент ұсынып отыр: Головкиннің жеңісі — 1.752, Альварестің жеңісі — 2.13, тең нәтиже — 21.