Қоғам

Бутин: Halykcoin – алаяқтардың жобасы, еш уақытта сатып алмаңыздар

© REUTERS / Benoit TessierБиткоин, иллюстративті фото
Биткоин, иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жақында БАҚ-та отандық криптовалюта шыққаны туралы ақпарат тараған еді

АСТАНА, 4 қаңтар – Sputnik. "Қазақстанның блокчейн және криптовалюта қауымдастығы" ЗТБ қауымдастық кеңесінің төрағасы Есет Бутин қазақстандықтарды Halykcoin криптовалютасын сатып алмауға шақырды.  

Bitcoin - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астанада Алматы тұрғыны 11 мың долларға "криптовалюта" сатқан
"Жақында БАҚ бетінде Halykcoin жобасының іске қосылғаны туралы ақпарат тараған еді. Біз, сарапшылар, заңгерлер, қаржыгерлер – бәріміз бірігіп аталған жобаны толығымен зерттеп шықтық. Бұл жобада алаяқтық белгілері бар екенін нақты айта аламын. Тіпті жоба сайтында заңды мекенжайы, ұйымдастырушылардың кім екені көрсетілмеген. Біз олардың кім екенін білмейміз, мүмкін олар Қазақстан резиденттері емес шығар. Әйтеуір азаматтардан ақша алу тетігін мықтап жазып көрсеткен. Сайтын ашып қарасаңыздар, жобаның мәні мен мақсаты бір-екі абзац қана, ал валюта сатып алу тәртібі үш бетке сыймайды. Яғни Halykcoin-ді сатып алудың түрлі жолдарын көрсеткен. Біз бұл жобаны алаяқтардың ісі деп санаймыз, сондықтан Halykcoin-ді еш уақытта сатып алмаңыздар. Бұл әдеттегі мерзімі қысқа жоба екені анық", — деді Бутин ОКҚ-де өткен брифингте. 

Сондай-ақ, ол Halykcoin криптовалютасын шығарғандар халықтың сеніміне кіру үшін "Халық банктің" символикасына ұқсас белгіні қолданғанын атап өтті. 

"Олар осылайша халықтың сеніміне кіріп, жобаның "Халық банкпен" байланысы барын көрсетпек болған. Сондықтан өте мұқият болу керек", — деді ол.

Жаңалықтар
0