АСТАНА, 4 қаңтар — Sputnik. Brent мұнайының бағасы 2,5 жылдан бері алғаш рет барреліне 68 долларға жетті, деп хабарлайды РИА Новости.
Лондонда өткен сауда-саттық нәтижесінде Brent мұнайының бағасы 2,1%-ға өсіп, баллеріне 68,01 доллар болды.
Соңғы рет 2015 жылы 13 мамырда Brent мұнайының құны 68 доллардан қымбат болған еді.