Қоғам

Аружан Сайын 50 мың теңгеге шешінген қыздарға қатысты пікір білдірді

© Photo : Дом МилосердияАружан Сайын
Аружан Сайын - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қоғам қайраткері әдемі билеп, шешіне білудің өнер екенін айтады

АСТАНА, 3 қаңтар — Sputnik. "ДОМ" қайырымдылық қорының басшысы, белгілі қоғам қайраткері Аружан Сайын Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде болған оқиғаға қатысты пікір білдірді. 

"Бұл конкурсқа қатысқан қыздарды жазғырғым келмейді, мен оларды аяймын, өйткені видео тарап кетті, оны бәрі көрді. Әрі музыка ырғағымен билеу деген бар, ол стриптиз болса да, би болып есептеледі, егер ол шеберлікпен жасалса, осынша ұят болмас еді. Негізі, әдемі шешіну – бұл өнер, әрине, оны сынайды, дегенмен адамдар көп сөйлемейтіндей жасауға болады", — деп жазған Аружан Сайын әлеуметтік желідегі парақшасында. 

Үйлену - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Айжан Байзақова күйеу тауып беруді сұрады

Оның айтуынша, "Мулен Руж","Лидо" және Crazy Horse кабарелерінде жұмыс істейтін бишілерге көп ақша төлейді. Осыған орай жазба авторы қыздарға "егер шешінгілерің келсе, тым болмаса бұл әдемі болу үшін билеп үйреніңіздер" деген кеңес береді. 

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылдың 17 желтоқсанында  Байзақова түнгі клубта қыздар арасында тыр жалаңаш шешінуден сайыс өткізіп, қоғамдық тәртіпті бұзған болатын. Осы қылығы үшін Instagram жұлдызы үш тәулік қамауда отырып шықты.

Сайыс шарты бойынша тыр жалаңаш шешінген қызға 50 мың теңге сыйақы берілген. Әлеуметтік желіде пайда болған видеода жалаңаш қыз бір қырынан көрінеді, ал жүргізуші конкурс шартын түсіндіріп, өзгелерді қатысуға шақырып жатыр.

Келесі күні "Нұр-Мұқасан" дуэтінің әншісі Мұқасан Шахзадаевтың парақшасында оннан астам жігіттің қыздардың тәртібін сынға алғаны түсірілген видео жарияланды.

Жаңалықтар
0