Қоғам

Елімізде адамның есімі жазылған көлік нөмірлері пайда болуы мүмкін

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуКөліктер, архив суреті
Көліктер, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Азаматтар көлігіне өз есімін жазу үшін қосымша ақша төлейді

АСТАНА, 3 қаңтар — Sputnik. Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев Еуропа, Америкадағыдай көлікке нөмірдің орнына иесінің есімін жазуға рұқсат беруді ұсынды, деп хабарлайды КТК арнасы. 

"Бізде де өзінің атын жазып алғысы келетін байлар бар. Неге оны енгізбеске? Онда оның бағасын бюджетке қомақты қаржы түсетіндей көлемді қояйық. Ертеңгісін атын жазып алып жүретін адам болса, жүре берсін. Бұл нөмір көліктің жеке айқындайтын белгісі. Сондықтан ол жерде тұрған артықшылық  ештеңе көріп тұрған жоқпын", — дейді депутат Өксікбаев. 

Сонда сандар болмайды. Депутаттың айтуынша, нөмірдің орнына адамның  аты мен көліктің қай аймақта тіркелгенін көрсететін белгі болса жетеді. Ал  азаматтар машинасына өз есімін жазу үшін бөлек ақша төлейді. "Оның бағасы кем дегенде 500 мың теңгеден басталу қажет" дейді Өксікбаев. Нәтижесінде қазынаға қосымша табыс түседі. 

Үкімет үш жыл бұрын қымбат нөмірлерді ашық саудалауды заңдастырып алған еді. Былтыр Ішкі істер министрлігі халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы 15 мың 760 vip-нөмір сатты. Бұдан бюджетке 5 жарым миллиард пайда түсіпті. Жұрт жиі сұрайтын  001-ден  009-ға дейін және 777 деген нөмір 517 мың теңге тұрады. Егер бұл сандардың қасына қалаған әріптеріңізді қосқыңыз келсе, 646 мың болады.  Ал 100, 200, 300 сынды нөмірлердің құны 300 мың теңге. 

 

Жаңалықтар
0