Оқиға

Астанада жоғалып кеткен екі ер адам іздестіріліп жатыр

CC0 / / жолда келе жатқан ер адам
жолда келе жатқан ер адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елордада Жаңа жыл қарсаңында екі ер адам жоғалып кетті

АСТАНА, 3 қаңтар — Sputnik. Астанада із-түзсіз жоғалып кеткен 30 жастағы Николай Еньшин мен 51 жастағы Дулат Қыдыралин іздестірілуде. 

Николайдың әйелі Венера Бехбудованың айтуынша, күйеуі 27 желтоқсанда түс кезінде жұмысынан шығып, сол күйі хабарсыз кеткен. Оның кеңсесі Есіл тұйық көшесі, 13 (Жастар шағын ауданы) мекенжайында орналасқан. 

"Полицияға сол күні арыз жаздық. Ол жекеменшік компанияда жабдықтаушы болып істейді. Жанжалдасқанды ұнатпайды, ішпейді, темекі тартпайды, футбол ойнайды. Ешуақытта хабарсыз кетіп көрген емес, бұл бірінші рет", — дейді әйелі. 

© Photo : из семейного архиваНиколай Еньшин
Николай Еньшин - Sputnik Қазақстан
Николай Еньшин

Сондай-ақ, елорда ІІД 1966 жылғы Дулат Қыдыралиннің де іздестіріліп жатқанын растады. 

"Полицейлер жоғалып кеткен Қыдыралиннің қайда екенін анықтау үшін жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Іздеу жұмыстарына Астана ішкі істер департаментінің жеке құрамы мен күштері, ІІМ ұлттық ұлан әскерилері тартылды", — деді полициядағылар. 

Жақындарының айтуынша, соңғы рет Қыдыралинді 25 желтоқсан күні Ғабдуллин, Кенесары және Иманбаева көшелерінің ауданында

Жаңалықтар
0