Оқиға

СҚО-да жанармай станциясын тонағандар видеоға түсіп қалды

© Photo : Pixabay / Republicaқолына темір ұстаған адам
қолына темір ұстаған адам - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оператор әйелді соққының астына алған ер адамды станция күзетшісі тоқтатты

АСТАНА, 3 қаңтар — Sputnik. Солтүстік Қазақстанда жаңа жыл түні жанар-жағармай станциясына шабуыл жасаған екі ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бетперде киген екі ер адам "Челябі – Новосібір" автожолында орналасқан "ҚазМұнайГаз" жанар-жағармай станциясына шабуыл жасаған. Тонаушылардың қылмысы бейнебақылау камерасына түсіп қалды. Бейнежазба әлеуметтік желілерде тараған. Видеоны жариялаған қолданушы күдіктілердің оператор әйел мен күзетшіге шабуыл жасағанын жазған. 

"Күзетшіге шабуыл жасаған ер адамға төрт оқ тиді, мүмкін ол бір жерде ауруханаға жүгінген шығар! Бұл оңбаған қайтып оралып, бастаған ісін соңына дейін жеткізгісі келді, әйтеуір олар есікті жауып үлгерді. Әйтпесе мұның соңы немен аяқталарын кім білсін!", — деп жазды желі қолданушысы. 

"Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 192-бабы 2-тармағы (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қылмысты әшкерелеу үшін облыстық ІІД және Қызылжар АІІБ күшейтілген жедел тергеу тобы құрылды", — деп мәлімдеді облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Жаңалықтар
0