Қоғам

Астана әкімі Талғат Рысбековтің отбасына көңіл айтты

© Photo : Сайт акима АстаныӘсет Исекешев
Әсет Исекешев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құрылыс басқармасының басшысы 3 қаңтарға қараған түні 53 жасында қайтыс болды

АСТАНА, 3 қаңтар — Sputnik. Астана әкімі Әсет Исекешев құрылыс басқармасының басшысы Талғат Рысбековтің отбасына көңіл айтты. 

"Талғат Тастыбайұлы білікті маман, жақсы адам еді. Саналы ғұмырының бірнеше жылын елорда әкімдігіне арнап, жайдары мінезімен, терең білімімен, адами жақсы қасиетімен айналасына танымал болатын. Бұл қайғы бізге де ауыр тиіп отыр. Талғат Тастыбайұлының туған-туыстары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын", — деп жазды Исекешев фейсбуктегі парақшасында.

Естеріңізге салып өтсек, Астана әкімдігі құрылыс басқармасының басшысы Талғат Рысбеков 3 қаңтарға қараған түні 53 жасында қайтыс болды. Талғат Тастыбайұлы 1966 жылы 19 мамырда дүниеге келген. Құрылыс басқармасы басшысының қызметін 2015 жылдың тамыз айынан бері атқарды.

Жаңалықтар
0