Өңірлер

Сәрсенбіде еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуҚыс
Қыс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республиканың кей өңірлерінде көктайғақ, тұман болып, бұрқасындатады

АСТАНА, 3 қаңтар — Sputnik. Еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, республиканың оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде ғана атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын түседі. Кей жерлерде көктайғақ, тұман, бұрқасын болады, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Астананың келбеті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
2018 жылдың алғашқы күнінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түседі, желдің екпіні 15-23 м/с. Қарағанды облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау, Атырау облыстарында – кей жерлерде тұман, көктайғақ. Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында – кей жерлерде тұман. Қызылорда облысында кей жерлерде тұман, желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз — көктайғақ.

Жаңалықтар
0