Спорт

Мартин Мюррей: Головкиннің соққысынан кейін толғатып жатқандай күйге түстім!

© AP Photo / Rich SchultzГеннадий Головкиннің архивтегі фотосы
Геннадий Головкиннің архивтегі фотосы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Британиялық боксшының Геннадий Головкин туралы сұхбаты Youtube-те ең көп көрілген видео деп танылды

АСТАНА, 2 қаңтар — Sputnik. WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы бұрынғы уақытша әлем чемпионы Мартин Мюррей (36-4-1, 17 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) қалай жұдырықтасқанын еске түсірді, деп хабарлайды Sports.kz

Головкин мен Канело - Sputnik Қазақстан
Спорт
Сондерс Головкин - "Канело" жекпе-жегіне болжам жасады
— Головкин алғашқы соққысын жасағанда жеңуге болады екен деп ойладым. Алайда ол маған үздіксіз қысым жасады. GGG-дің соққысы қай жақтан жасалып жатқанын білмедім. Бір кезде қауіпсіз қашықтықта тұрмын деп есептеп, ауыр соққыны өткізіп алдым. Жойқын болғаны соншалық, толғатып жатқандай күйге түстім. Тұтас денемді шаншып өтті, — дейді Мюррей Box Nation арнасына берген сұхбатында. 

Британ телеарнасының твиттері бұл сұхбат 2017 жылы ең көп көрілген видео болғанын жариялады, ол 275 444 рет қаралған.

Головкин — Мюррей жекпе-жегі 2015 жылдың 21 ақпанында Монте-Карлода (Монако) өтті. Қазақстандық боксшы он бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.  


Жаңалықтар
0