АСТАНА, 1 қаңтар — Sputnik. Австралияда ұшақтың апатқа ұшырауы салдарынан британиялық Compass Group кейтерингтік компаниясының атқарушы директоры Ричард Казинс туыстарымен бірге көз жұмды, деп жазды РИА Новости.
Бір қозғалтқышты DHC-2 Beaver ұшағы Австралиядағы Хоксбери өзеніне құлаған, бортта болған ұшқыш пен бес жолаушы қаза болды.
"2017 жылдың 31 желтоқсанында Автралияда Ричард Казинс және оның төрт жақын туысы ұшақ апатынан қаза болғанын қайғыра хабарлаймыз", — деп жазылған компанияның мәлімдемесінде.
Компания директорлар кеңесінің төрағасы Пол Уолш Казинстің қаза болуына байланысты көңіл айтты.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, әуе апатынан сондай-ақ 44 жастағы ұшқыш қаза болған.