Өңірлер

Ауа райы болжамы: жел күшейіп, бұрқасындатады

© Sputnik / Сергей Красноухов / Медиабанкке өтуборан
боран - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кей өңірлерде тұман түсіп, жел күшейеді, көктайғақ болады

АСТАНА,  31 желтоқсан — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде бүгін ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

Тек елдің батысында, оңтүстік-батысында және де шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты  жауын-шашынды ауа-райы сақталады. 

Республиканың кей жерлерінде көктайғақ, тұман болады, жел күшейіп, шығыста бұрқасындатады. 

Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, түнде және таңертең тұман, жел 15-20 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.  

Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі,  күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақтөбе, Қызылорда облыстарында кей жерлерде жел күшейеді.  

Ақтөбе облысында тұман түседі. Атырау,  Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.

Ақмола, Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында тұман түседі деп болжанып отыр. 


Жаңалықтар
0