АСТАНА, 30 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, солтүстік, орталық және шығыста ғана атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын сақталады, деп хабарлады Қазгидромет.
Алматы облысында кей жерлерде тұман, Жалаңашкөл ауданында желдің екпіні — 17-22 м/с.
Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде боран, тұман, көктайғақ, желдің екпіні — 15-20 м/с.
Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ.
Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында, түнде және таңертең Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман.
Қарағанды облысында — тұман, түнде жел — 15-20 м/с.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, таңертең және күндіз желдің екпіні — 15-20 м/с.
Қызылорда облысында кей жерлерде тұман, желдің екпіні 15-20 м/с.