Қоғам

Астанада алғаш рет "Дерт кабинеті" ашылды

CC0 / valelopardo / Дәрігер
Дәрігер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кабинеттің негізгі міндеті – жылдам әрі қысқа уақытта адамның ауруын жазып, қатарға қосу

АСТАНА, 29 желтоқсан — Sputnik. Ұлттық нейрохирургия орталығында еліміздің бірде-бір медициналық мекемесінде жоқ, диагностика жасайтын бірегей кабинет ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы

Алғаш рет ашылып отырған кабинет пациенттің жүйке жүйесінің түрлі дәрілік және электрлік стимуляциясына байланысты кіші инвазивті әдісті қолдануға мүмкіндік береді. Бұл әдіс хирургиялық операция жасаудан және жалпы анестезиясыз емделуге көмектеседі. 

Лекарства, деньги - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу 2020 жылға шегеріледі
"Кабинеттің негізгі міндеті – жылдам әрі  қысқа уақытта адамның ауруын жазып, қатарға қосу, әрі қарай дұрыс емделуіне жол көрсетіп, ауру тудыратын кейбір синдромға тез көмек беру. Біз Израиль мен Америкадан екі маман шақырдық. Олар терапиядағы стандартты әдісті Қазақстанға енгізбек. Себебі, қазақстандықтар шетел аспай-ақ осында жоғары деңгейде емделуіне болады", — дейді орталықтың алдын алу және ауруды емдеудің жоғары санатты нейрохиругы Рамиль Танкачеев.  

Қазақстанда осындай емхана ашу идеясы Рамильге Израилдің бір клиникасында оқып жүргенде келген. Енді оның жоспарында «Дерт қауымдастығын» құрып, еліміздің барлық аймағын қамтығысы келеді. 

"Дерт клиникасы АҚШ, Израиль тағы басқа көптеген Еуропа елдерінде жұмыс істеп жатыр. Ресейде де бес жылдан бері белсенді жұмыс істеп келеді. Ал Қазақстан медицинасындағы осынау жаңа бағыт енді ғана бастау кезеңінде тұр", — дейді Р.Танкачеев. 

Оның ойынша, дерт мектебі сирек мамандардың басын біріктіріп, жалпы картинаны тұтас әрі сауатты көретін, ең бастысы ауруды жоя алатын болуы керек деп есептейді. 

"Жоспарымызда жұмысқа қазақстандық ең үздік мамандарды жұмысқа тарту, сонымен қоса шетелдік АҚШ, Израиль, Ресейден де мамандар алдырып, дерт бойынша дәрігер-мамандар десантын жасақтағымыз келеді. Олар республикамыздың барлық орталығында емдеу ісін жүргізіп, кеңес берсе деген ойымыз бар", — дейді Р.Танкачеев. 

Ұлттық нейрохиругия орталығының базасындағы дертті емдейтін кабинет қала тұрғындарына да, өзге қаладан келгендерге де көмек көрсетеді.


Жаңалықтар
0