АСТАНА, 29 желтоқсан — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "махаббат" сөзінің мәнін түсіндірді.
"Еліңе, жеріңе, отбасыңа, балаңа, әке-шешеңе деген махаббат болады. Махаббаттың ауқымы кең. Махаббат деген отан деген сөз, махаббат деген баспана деген сөз, махаббат деген ғашығың деген сөз. Сол махаббат жүректеріңде сөнбесін. Оны жүректеріңнен шығармаңдар. Аман-сау болайық", — деді Мемлекет басшысы.