АСТАНА, 29 желтоқсан — Sputnik. "Астана" футбол клубының вице-капитаны Дмитрий Шомко Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа доп сыйға тартты. Бұл допты биыл желтоқсан айында Марин Аничич "Славия" қақпасына салып, "Астананы" 1/6 финалына шығарған еді.
Сыйлық елордадағы жаңа жылдық қайырымдық балында ұсынылған.
"Нұрсұлтан Әбішұлы, бүгінгі мерекелік кеште Сізге ерекше сыйлық тарту етуге рұқсат етіңіз: дәл осы доппен "Славия" қақпасына гол соғып, Еуропа Лигасының 1/16 финалына шыққанбыз. Сол себепті осы допты сый ретінде қабыл алсаңыз, біздің команда үшін үлкен мәртебе болмақ", — деді Шомко.
Президент футболшылардың сыйын қабыл алып, "Астана" ойыншыларымен өзара пас берісіп, біраз ойнады.