АСТАНА, 29 желтоқсан — Sputnik. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болады, батыс, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды "Қазгидромет".
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде боран соғып, тұман түседі, көктайғақ болады, желдің екпіні — 15-20 м/с.
Қостанай облысында кей жерлерде желдің екпіні — 15-20 м/с, түнде жекелеген аудандарда боран соғып, тұман және көктайғақ болады.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде желдің екпіні — 15-20 м/с.
Қызылорда облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.
Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман түседі.